​Колледж маңындағы студенттердің жаппай төбелесінің видеосы тарады

0
2 856

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталған.


​Колледж маңындағы студенттердің жаппай төбелесінің видеосы тарады

ERNUR.KZ. Ақтауда гуманитарлық колледж ғимаратының алдында болған студенттердің жаппай төбелесінен видео желіде пайда болды, деп жазады nur.kz.


Оқиға 2018 жылдың 11 желтоқсанда кешкі уақытта Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледждің маңында болған.

Колледж директорының айтуынша, төбелестен кейін ата-аналар жиналысы болыпты.

Бір студент тергеліп жатыр. Тәлімгерлердің ата-аналарымен әңгімелесу жүргізілген.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу басталған.

Жаппай төбелес салдарынан үш адам жарақат алған.