Колледждерге құжат қабылдау жүріп жатыр

0
695

Биыл мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі 50 мың орынға артты.


Колледждерге құжат қабылдау жүріп жатыр

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің дерегі бойынша, колледждерге құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 20 тамызына дейін жалғасады, деп жазады sputnik.kz.

Биыл мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі 50 мың орынға артты. Жалпы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарлануда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға бағытталып, геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, Құрылыс және коммуналдық шаруашылық және т. б. бағыттар бойынша ұлғайтылды.
Сондай-ақ өткен жылдан бастап кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау енгізілді. Бұл ретте жұмыс беруші практиканы ұйымдастыру және колледж түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру міндеттемесін өзіне алады. Биыл кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қосымша 10 мың студент қабылдау жоспарланып отыр.