Комбайншы егіс алқабынан граната тауып алды

0
1 187

Жедел тергеу тобы және саперлер анықталған жерге барды.


Комбайншы егіс алқабынан граната тауып алды

ERNUR.KZ. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

27 тамыз күні сағат 15:15-те Тереңкөл ауданының кезекші бөліміне Трофимовка ауылының 1986 жылы туған, комбайншы болып жұмыс жасайтын тұрғынынан қоңырау келіп түскен. Ол ауылдан 200 метр қашықтықтағы алқаптан қол гранатасына ұқсас зат тауып алған.

Жедел тергеу тобы және саперлер анықталған жерге барды. Тексеру жасалды. Қол гранатасы оқу-жаттығуға арналған болып шықты.