Көмірдің тоннасы 12-14 мың теңге шамасында сатылады - Ербол Төлеуов

0
1 121

Елорда әкімдігі халықты жазғы уақытта қатты отынды сатып алуға шақырады.


Көмірдің тоннасы 12-14 мың теңге шамасында сатылады - Ербол Төлеуов

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қауырт кезеңде дүрлікпеге жол бермеу мақсатында халықты жазғы уақытта қатты отынды сатып алуға шақырады, деп жазады Елорда Инфо.

«Халықты кɵмiрмен қамтамасыз ету – жылдан-жылға жалғасып келе жатқан мəселе. Бүгінгі күні қалада iрi 7 кɵмiр сататын компания бар. Бiз олармен бағаларды бекіту жөніндегі меморандумға қол қойдық. Бағалар 12-14 мың теңге аралығын құрайды. Бұдан бɵлек, 109 телефон нөмірі бойынша «іKomek» қауырт желісі құрылды, онда тұрғындар көмірдің бағалары, түрлері және қорлары бойынша қажет ақпарат ала алады», - дейдi қалалық Отын-энергетикалық кешенi жəне коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Тɵлеуов.

Басқарма басшысы сɵз арасында қыс қамын жазда ойлауға кеңес бердi.

Айта кетейiк, 2019 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша көмірдің жалпы қоры – 19007,2 тоннаны құрайды.