Қордай оқиғасы: Зардап шеккен ақсақал ауруханадан шығарылады

0
1 077

Ақсақалға ота сәтті жасалды.


Қордай оқиғасы: Зардап шеккен ақсақал ауруханадан шығарылады

ERNUR.KZ. Қордай ауданындағы оқиғада зардап шеккен Төлеген Құдашпаевты ауруханадан шығаруға дайындап жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Кеше біз көпбейінді клиникалық ауруханада жатқан науқастың жағдайын білдік. Ол қарт кісі. Ақсақалға ота сәтті жасалды. Бүгін ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық. Біз оны ауруханадан шығаруға дайындап жатырмыз», - деді Камалжан Надыров.

Еске салайық, 5 ақпан күні Қордай ауданында ақсақал мен оның ұлдарын соққыға жыққан. Төлеген Құдашпаевты жамбасына ота жасау үшін Алматыға санавиациямен жеткізді.