Кореяда 35 мыңнан астам қазақстандық тұрып жатыр

0
701

Елімізде мигранттар үшін «Инвесторлық виза» енгізіледі.


Кореяда 35 мыңнан астам қазақстандық тұрып жатыр

ERNUR.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының м.а. Ілияс Испанов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, Корея Республикасы арасында визасыз режим орнатылғалы бері (2014 жылғы 19 қарашадан бастап) Қазақстан азаматтарының Кореяға туризм, медицина, іскерлік мақсатта барып-келуі едәуір жеңілдетілген.

Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Кореяға заңсыз еңбек миграциясы екі ел арасындағы күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелердің біріне айналған. Қазіргі уақытта 9 600-ге жуығын заңсыз мигранттарды құрайды, - дейді Ілияс Испанов.

Осы жылдың 25-26 сәуір күндері Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы консулдық консультациялардың кезекті отырысы өтеді. Аталған консулдық консультацияларда мүдделі мемлекеттік органдармен және рекрутинг агенттіктерімен қазақстандықтарды Корея Республикасына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және олардың құқықтарын қолдау туралы сұрақтар талқыланады.

Елімізде мигранттар үшін «Инвесторлық виза» енгізіледі. Сондай-ақ қандастарға «Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 – 2027» жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес «Ата жолы» картасы берілетіні мәлім болды.