Кореяда 7 қазақстандық қайтыс болды – СІМ

0
526

Соңғы уақытта заңсыз жүрген мигранттардың арасында қазақстандық азамат қайтыс болды.


Кореяда 7 қазақстандық қайтыс болды – СІМ

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін брифинг барысында Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты, деп жазады BAQ.KZ.

«Менің қолымдағы бар ақпаратқа сәйкес, осы жылдың басынан бері Оңтүстік Кореядан осы уақытқа дейін 1000-нан астам қазақстандық елге оралды. Әлі де операция жалғасуда. Әлі азаматтарымыз сол жақта қалып қоюда», - деді Смадиров.

Айтуынша, 7 азамат Кореяда қайтыс болған.

«Соңғы уақытта заңсыз жүрген мигранттардың арасында біздің азамат қайтыс болды. 30-40 жас аралағындағы азаматтар. Қара жұмыс істегеннен кейін кешке үйіне шаршап келіп, ұйықтап қалған соң оянбай қойған. Олар заңсыз жүргендіктен ешқандай медициналық сақтандыруы жоқ, жұмыс берушімен келісімшарт жасамаған. Әке-шешесіне оларды елге әкелу қиынға соқты. Өйткені Оңтүстік Кореядан бір денені жеткізу үшін 6-7 мың доллар ақша керек», - деді баспасөз хатшысы.

Бұдан бөлек Айбек Смадияров "Жасыл дәлізге" қатысты ешқандай ақпараты жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы және Корея Республикасы Сыртқы саяси ведомстволары арасында Консулдық мәселелер жөніндегі консультацияларының 5-ші отырысы өткенін хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігі Кореяға баратын қазақстандықтар нені ескеруі тиіс екенін хабарлаған еді.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет