​ Кореяда сотталған екі қазақстандық елге қайтады

0
1 038

СІМ-нің ресми өкілі ел азаматтарына басқа мемлекетке барғанда сол елдің заңына бағынуға шақырды.


​ Кореяда сотталған екі қазақстандық елге қайтады

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда сотталған қазақстандықтар 1 млн теңге айыппұлды төледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Айбек Смадияровтың айтуынша, отандастарымыз таяуда елге оралады.

Азаматтардың жазадан құтылуы сол жаққа барып солай істеуге болады дегенді білдірмейді. Олардың әрекеті бізден баратын студенттер мен туристерге кесірі тиеді, - деді Айбек Смадияров.

СІМ-нің ресми өкілі ел азаматтарына басқа мемлекетке барғанда сол елдің заңына бағынуға шақырды.

Еске сала кетейік, наурызда екі қазақстандық Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан заңсыз аяқ басқан болатын.