Қорғаныс министрі 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа қатысу жоспары жайлы айтты

0
360

2023 жылы Қазақстан Жеңіс күні мерекесіне орай әскери парад өткізілмейді.


Қорғаныс министрі 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа қатысу жоспары жайлы айтты

ERNUR.KZ. Журналистер қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан 9 мамырда Мәскеуде (Ресей) өтетін парадқа қатысу жоспары жайлы сұрады, деп жазады stan.kz.

“Сіз 9 мамырда Мәскеуге барасыз ба?”, – деп сұрады журналистер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуі алдында.

“Жоқ. Мүмкін білетін боларсыздар, ертең Жоғарғы бас қолбасшымыздың басшылығымен жалпы армиялық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз”, – деп жауап берді Жақсылықов.

Еске салайық, бұдан бұрын Ақорданың баспасөз қызметі 5 мамырда мемлекет басшысы – Қарулы күштердің Жоғарғы қолбасшысының жалпы армиялық конференция өтетінін, ал 9 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алатынын хабарлаған.

2023 жылы Қазақстан Жеңіс күні мерекесіне орай әскери парад өткізілмейді.