Қорғаныс министрі Отардағы оқ-дәрілердің сақталу жағдайын тексерді

0
729

Тексеріс кезінде Нұрлан Ермекбаев өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жіті мән берді.


Қорғаныс министрі Отардағы оқ-дәрілердің сақталу жағдайын тексерді

ERNUR.KZ. ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Гвардия гарнизонына барған жұмыс сапарында оқ-дәрі қоймаларын тексерді, деп жазады ҚазАқпарат.

Тексеріс кезінде Нұрлан Ермекбаев өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жіті мән берді.

Лауазымды тұлғалар қорғаныс министріне зымырандар мен оқ-дәрілерді сақтау тәртібі, қару-жарақтың, әскери және арнаулы техникалардың жай-күйі, сондай-ақ материалдық-техникалық құралдар туралы баяндады.

Ведомство басшысы қойманы тексеру барысында оқ-дәрілер мен әскери техникаларды сақтау қауіпсіздігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді әрі әскери қызметшілердің өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындаудың міндетті екенін ескертті.