Қорғаныс министрлігі 13 әскери қызметкердің қаза тапқанын растады

0
1 014

Қорғаныс министрлігінің басшылығы тарапынан моральді және материалды көмек көрсету бойынша шаралар қолданылатын болады.


Қорғаныс министрлігі 13 әскери қызметкердің қаза тапқанын растады

ERNUR.KZ. Әскери борышын өтеу кезінде ағымдағы жылғы 27 наурыз күні, ҚР ҚК тікұшағының апатқа тап болуы нәтижесінде, оқу-жаттығу жұмыстарының барысында 13 әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Қарулы күштерінің барлық жеке құрамы қаза болған әскери жолдастарының туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы тарапынан моральді және материалды көмек көрсету бойынша шаралар қолданылатын болады.

2019 жылғы 27 наурыз күні ҚР ҚК тікұшағы апатқа ұшырады.

Тікұшақ бортында 13 адам болған. Ол тікұшақ төрт әскери тікұшақ звеносы құрамында Ақтау қаласынан Шымкент қаласына ұшып бара жатқан. Тікұшақтардың ұшуы арнайы бөлімшелердің "Алтын жебе" атты кешенді тексеруі мен жаттығуы аясында түнгі уақытта күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.