Қорғаныс министрлігі әскери мектепте түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді

0
509

Министрлік 2015 жылдан бері Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы үш республикалық "Жас ұлан" мектебіне жетекшілік ететіні жазылған.


Қорғаныс министрлігі әскери мектепте түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда резонанс тудырған әскери мектептегі әлімжеттік видеосының Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына қатысы жоқ, деп жазады sputnik.kz.



Министрліктің ресми хабарламасында ведомство мамандары бейнежазбаны көріп, тексергені жазылған.
"Бұл видеодағы іс-әрекеттер қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орындарда болмағанын хабарлаймыз", - делінген ақпаратта.
Министрлік 2015 жылдан бері Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы үш республикалық "Жас ұлан" мектебіне жетекшілік ететіні жазылған.
Ал видеодағы жағдай Семейдегі дарынды балаларға арналған әскери мектепте болған.