Қорғаныс министрлігі әскери шендерін «жуған» әйелдерді жазалады

0
1 382

Ведомстводан атап өткендей, мұндай оқиғалар бірлі-жарым ғана кездеседі. Еліміздің қарулы күштерінде "мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және әскери қызметшілердің әдепке жат қылықтарының алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар үнемі өткізіліп тұрады, деп сендірді олар.


Қорғаныс министрлігі әскери шендерін «жуған» әйелдерді жазалады

Қазақстанның қорғаныс министрлігі әскери шендерін ішімдікпен атап өткен әйелдердің видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik.

"Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік қызметшінің әдеп және өзін-өзі ұстау нормасына сәйкес келмейтін факті анықталды. Кінәлі тұлғаларға қатысты тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылданды", - деді түсініктеме барысында.

Ведомстводан атап өткендей, мұндай оқиғалар бірлі-жарым ғана кездеседі. Еліміздің қарулы күштерінде "мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және әскери қызметшілердің әдепке жат қылықтарының алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар үнемі өткізіліп тұрады, деп сендірді олар.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде қызметтік киімдегі үш әскери әйелдің әскери шендерін ішімдікпен атап өтіп жатқаны түсірілген видео тараған еді. Әскери шенді "жуу" дәстүрі мейрамханада өткені байқалады. Аталған видео желі қолданушылары арасында біраз шу туғызды.