Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты пікір білдірді

0
1 376

Қорғаныс министрлігі әскери техникалардың ел аумағындағы қозғалысына қатысты пікір білдірді.


Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Ведомство әскери техникалар полигондарға оқу-жаттығу жиыны өткізу үшін бет алғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Қарулы Күштер қысқы оқу-жаттығу кезеңі аяқталғаннан кейін әскерді тексеру жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтты.

"Бөлімшелер сәуір айында әскери техникамен, темір жол көлігімен полигондарға ауысып, онда практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскері бақылау тексерісі шеңберінде Маңғыстау облысындағы полигондарға күштер мен құралдарды жіберуді жүзеге асырады", - делінген хабарламада.

Ал полигондарда тактикалық, түнгі уақытта ату бойынша оқу-жаттығулар өтетінін болады. Бөлімшелердің белгіленген мерзімде жүктелген тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеттілігі, әскери қызметкерлердің дайындығы, сондай-ақ командирлердің қоластындағы әскерилерді және бекітілген бөлімшелерді басқару қабілеті бағаланады.

"Қарулы Күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, сондай-ақ әскери басқару органдары тексерілуге жатады. Әскери техниканың қозғалысы, жеке құрамның қозғалысы әскерлердің жауынгерлік даярлығы үдерісімен байланысты. Жауынгерлік оқу іс-шаралары жоспарланғандай жүзеге асырылды", - деді Қорғаныс министрлігі.

Белгілі болғандай, Қарулы Күштердегі әскерді бақылау тексеруі 4 сәуірде басталған.

Әскерлер қысқы оқу-жаттығу кезеңінің соңында тексеріледі. Биыл президент әскердің жауынгерлік дайындығын түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл іс шара жаңа форматта өтетінін жеткізді.