Қорғаныс министрлігі дүрлікпеуді ескертті: ел аумағында жауынгерлік техника тасымалданады

0
333

Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.


Қорғаныс министрлігі дүрлікпеуді ескертті: ел аумағында жауынгерлік техника тасымалданады

ERNUR.KZ. Әскерлерді даярлау жоспары шеңберінде Қарулы күштерде жауынгерлік даярлық сабақтары өткізіледі, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау үшін жауынгерлік техникамен марш жасап, теміржол көлігімен еліміздің әр өңіріндегі полигондарға жеткізіледі.

Полигондарда тактикалық жаттығулар мен атыстар, күндіз де, түнде де өткізіледі. Бұл ретте әскери қызметшілердің мақсатқа сай тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауы, бөлімдердің үйлесімділігі мен қабілеті, сондай-ақ командирлердің бағынысты және сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқара білуі бағаланады.

Осыған байланысты, азаматтардан таратылған қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», - делінген ресми хабарламада.