Қорғаныс министрлігінде жаңа бөлімше құрылды

0
848

Жаңа департаментті Саидмұрат Тәңірберген басқарады.


Қорғаныс министрлігінде жаңа бөлімше құрылды

ERNUR.KZ. Алғаш рет жүргізілген қызметтік талдау нәтижелерімен Қорғаныс министрлігі және Бас штаб орталық аппаратының құрылымын жетілдіру аясында бірнеше жаңа бөлімше құрылды. Солардың бірі – Стратегиялық талдау және дамыту департаменті, деп жазады baq.kz.

"Департаментке Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, оның ішінде Қарулы Күштердің құрылысы мен оны дамытуда, еліміздің әскери қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде тұжырымдамалық тәсілді үйлестіру тапсырылды. Қорғаныс министрлігінің Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру барысында Департаментке қаржы және материалдық ресурстарды, сонымен қоса ерекше назар аударуды талап ететін жетекші қызмет бағыттарын талдау және анықтауды бақылау жүктелді. Қауіпсіздікке қатысты болжанған тәуекелдер мен қауіп-қатерді ескере отырып, Қазақстан қорғаныс әлеуетінің, Қарулы Күштердің құрылысының сандық және сапалы өсуіне ықпал ететін оңтайлы шешімдерді іздеуге бағытталатын болады", - делінген таратылған ақпаратта.

Жаңа департаментті Саидмұрат Тәңірберген басқарады. Оның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешені шеңберінде стратегиялық жоспарлау ауқымында тәжіриесі бар.

1999 жылдан 2002 жыл аралығында Саидмұрат Бапанұлы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығында сектор меңгерушісі, ішкі және әскери қауіпсіздік бөлімінде, сондай-ақ Хатшылық меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында қызмет еткен. 2015 жылдан 2019 жыл аралығында Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды. «Парасат», «Құрмет» ордендері,«Ерең еңбегі үшін» медалі бар.