Қорғаныс министрлігінің генералы пара алғаны үшін сотталды

0
1 218

Ол 200 мың теңге сомасында пара алған.


Қорғаныс министрлігінің генералы пара алғаны үшін сотталды

ERNUR.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаев пара алғаны үшін сотталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактісі бойынша ҚР Қорғаныс Министрлігі Кадр департаментінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ) бұрынғы бастығы генерал-майор Қ.Р. Көпбаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

"2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қаласы Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты РММ-не офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды.
Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.