Көріпкел Бақыт Жұматова: "Қазақстанға коронавирус келмейді"

0
21 222

Ол өзінің көріпкелдік қасиетімен бүгінде болып жатқан коронавирус туралы өз пікірін білдірді.


Көріпкел Бақыт Жұматова:

ERNUR.KZ. Қазақстандық белгілі көріпкел Бақыт Жұматова өзінің көріпкелдік қасиетімен бөлісті, деп жазады newsroom.kz.

Ол өзінің көріпкелдік қасиетімен бүгінде болып жатқан коронавирус туралы өз пікірін білдірді.

"Коронавирус Қазақстанға келмейді. Ол күнә жасаған адамдарға жіберілген жаза! - дейді қазақстандық көріпкел.

"Қытайға қараңыздаршы, олар тірінің бәрін шетінен жей береді. Жыбырлағаннан ұшқандарды бәрін, тіпті Қытайдың ең күнкөрісі төмен аймақтар кішкентай балаларға дейін жеген. Ухань қаласы нағыз соның ошағы. Коронавирустың сол жерден шығуы да жайдан-жай емес.

Келесі мемлекет ол Иран. Иран мемлекеті адамға деген,әсіресе әйелдер қауымына озбырлығымен ерекшеленеді.

Италия-бейәдеп өмір сүретін халық. Мен бұл елдерді дұрыс өмір сүрмейді демеймін. Коронавирус барлық жерде тарап жатыр. Әр елде, әр жерде дұрыс емес қадам жасайтын адамдардар баршылық!" - дейді Жұматова.

Сондай-ақ ол коронавирустың Қазақстанға келуі екіталай екендігін айтты.

Күні кеше ғана еліміздің бас санитары коронавирус келіп қалды деп еді, бүгін көріпкеліміз келмейді дейді. Әліптің артын бағайық!