Коронавирус: 9 өңір "қызыл", 6 өңір "сары" аймақта тұр

0
715

"Жасыл" аймаққа Қостанай мен Түркістан облыстары орналасқан.


Коронавирус: 9 өңір

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайдың матрицасын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдың 16 сәуіріндегі жағдай бойынша:

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары тұр.

"Жасыл" аймаққа Қостанай мен Түркістан облыстары орналасқан.