"Коронавирус бұл көлдің қасында айналайын боп қалады": Еліміздегі ең қауіпті көлде адамдар демалып жүр

0
8 065

Көл экологиялық қауіпті аймақта орналасқан.


ERNUR.KZ. Ақтау қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан көлдің жағалауында адамдар демалып жүр. Жергілікті тұрғындардың бас қосатын орынына айналған су айдыны адам денсаулығына өте қауіпті, деп жазады "Лада".

Берік Дәуенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына қауіпті көл жайлы жазған. Оның сөзінше, көл өздігінен пайда болған және атауы жоқ. Бұрын уран өндірілген кен орындарының жақын маңында орналасқан көлдің су өте улы. Сондықтан оның жағалауына жақындамаған жөн дейді автор.

"Айтпай-ақ, жазбай-ақ қояйын, табиғат ресурстарын қорғау мекемелері мен экологиялық ұйымдар түсіндірер, ескертер деп ойлағам... болмады. Кешеден бері Whats App топтарында видеолар мен фотосуреттер тарауда. Маңғыстаудың ойы мен қырын көп аралайтын болған соң осы жер туралы менен сұраушылар да көбейіп кетті.
Атамбайдың ойындағы 4-карьер - бұрын уран өндірілген жер.Экологиялық қауіпті аймақ. Сол жерге адамдар барып демалыс ұйымдастырып тұрады екен, суға түсіп жүрсе де бір Құдай білсін.
Дабыл қақпасыма қоймады!
Осы аумақты қоршатып, улы көлді көмдіріп тастау керек пе?! Облыс басшылығы әйтеуір бір амалын табуы тиіс!
Уран өндірілген жердің уының қасында коронавирусың айналайын боп қалады. Онкологиялық аурулар саны бойынша алға шығып кеткеніміз - осындай салғырттығымыздан болса керек. "Білмеген у ішеді" деген бар, білмей барып жүргендерді сөге-жамандамайық, менің талабым - жауапты шенеуніктерге арналып отыр. Ресми жауаптарыңызды күтемін",
-деп жазған Берік Дауенов.