Коронавирус: Індет жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді

0
1 213

Қазақстандағы 17 аймақтың 10-нан індет табылды.


Коронавирус: Індет жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді

Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыз сағат 12:00 жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам жалпы 124 науқас тіркелді.

Оның ішінде 2 адам жазылып шықты және 1 өлім жағдайы тіркелді.