Коронавирус індетінің тағы 20 оқиғасы тіркелді

0
1 052

Науқастар саны 228-ге жетті.


Коронавирус індетінің тағы 20 оқиғасы тіркелді

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңадан 20 оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

«28 наурыз сағат 22:00 жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 18 адам, Алматы қаласында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында - 135 адам, Алматы қаласында – 51, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6, Атырау облысында - 5, Жамбыл облысында - 3, Шымкент қаласында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Алматы облысында - 4, Ақтөбе облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Қызылорда облысында - 1, жалпы 228 науқас тіркелді», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

Оның ішінде 18 адам аурудан жазылып шықты, 1 өлім жағдайы тіркелді.