Коронавирус: Қазақстанда балаларды вакциналау жасын төмендету жайы талқыланып жатыр

0
251

Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакциналау мен ревакциналау үшін үш түрлі вакцина қолжетімді, олар – QazVac, Sinofarm и Pfizer.


Коронавирус: Қазақстанда балаларды вакциналау жасын төмендету жайы талқыланып жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстанда балаларды коронавирустан вакциналау жасын төмендету мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас инфекционисі Динагүл Баешева айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Балаларды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жасын жеті жасқа дейін төмендету қаралып жатыр ма?», - деп сұрады журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Динагүл Баешева Қазақстандағы коронавирусқа қарсы вакциналар 12 және одан жоғары жастағыларға арналғанын еске салды.

«Біздің консультативтік комитет балаларды вакциналау жасын төмендетуді қарастырып жатыр. Өздеріңіз білесіздер, біздің клиникалық хаттамаларымыз бен жаңалықтарымыз үнемі дәлелдік қорға, халықаралық ұсынымдарға сүйенеді. Алғашқы ұсынымдар шыққан соң, бұл мәселені бірден қарастырамыз. Әзірге біз осы құжаттармен танысып жатырмыз», - деді Динагүл Баешева.

Айта кетейік, Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакциналау мен ревакциналау үшін үш түрлі вакцина қолжетімді, олар – QazVac, Sinofarm и Pfizer.