Коронавирус өршіді: Бас санитар қандай шектеулер енгізілетінін айтты

0
522

R көрсеткіші бойынша «жасыл аймақта» болса да, халық көп жиналатын жерде маска тағу ұсынылады.


Коронавирус өршіді: Бас санитар қандай шектеулер енгізілетінін айтты

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова желтоқсанда елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші екі есеге көбейгенін мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

«Әлемнің 65-тен астам елінде коронавирустың «цербер» нұсқасы анықталған. Оның «омикронның» жеңіл түрлерінен айырмашылығы жоқ. Қазақстанда желтоқсанда қарашамен салыстырғанда сырқаттану 2,4 есеге өскен. Тәулігіне орташа санағанда 300 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, тамыздан бастап барлық өңір «жасыл аймақта» орналасқан. Бірақ R көрсеткішінің 1 бірлектен жоғары болуы 13 өңірде байқалып отыр. Бұл инфекцияның таралуы өскенін көрсетіп отыр», - деді ол.

Айжан Есмағамбетованың сөзінше, R көрсеткіші бойынша «жасыл аймақта» болса да, халық көп жиналатын жерде маска тағу ұсынылады.

«Өңірлер «сары аймаққа» көшкен жағдайда ұжымдарды бір-бірімен ажыратуға қатысты іс-шаралар қабылданады. Өңір «қызыл аймаққа» көшкен кезде жиналыстарды онлайн форматқа көшіріп, көліктің барлық түрі мен үй-жайларда масқа тағу, қызметкерлердің 30 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіру сынды шектеулер қабылданады», - деді Айжан Есмағамбетова.