Коронавирус пен пневмония: Елімізде бір тәулікте жеті адам қайтыс болды

0
202

Республика бойынша 3 690 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.


Коронавирус пен пневмония: Елімізде бір тәулікте жеті адам қайтыс болды

Елімізде өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қазіргі кезде елімізде 3 690 адам, оның ішінде 40 бала коронавирус инфекциясына ем қабылдауда.
Жалпы елдегі ауруханаларда 1 900 науқас жатыр. 1 790 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдаса, 104 адамның жағдайы ауыр. 11 пациенттің хәлі өте ауыр және 18 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

"Өткен тәулікте коронавирус тәрізді пневмонияның 272 жағдайы анықталып, 5 өлім жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, коронавирус індетін 63 адам жұқтырып, екі науқас қайтыс болды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері Қазақстанда коронавирустың 107 262, ал 1 тамыздан бастап пневмонияның 31 086 жағдайы тіркелді.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет