Коронавирус пен пневмония: Елімізде тағы сегіз адам көз жұмды

0
705

Бірінші тамыздан бері 35 234 адамға пневмония диагнозы қойылды, 373 науқас көз жұмды.


Коронавирус пен пневмония: Елімізде тағы сегіз адам көз жұмды

Еліміздеа өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан сегіз адам қайтыс болды. Коронавирустан бес адам, коронавирус белгісі бар пневмониядан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пандемия басталғалы 108 984 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 1 776 науқас қайтыс болды. Өткен бір тәулік ішінде 83 адамнан инфекция табылды, бес адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бері 35 234 адамға пневмония диагнозы қойылды, 373 науқас көз жұмды. Өткен тәулікте 321 адамның пневмониямен ауыратыны анықталды, үш науқас қайтыс болды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 2 862 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 88 бала бар. Стационарларда 2 073 науқас жатыр. 789 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

79 науқас ауыр жағдайда жатыр, ішінде 12 науқастың хәлі аса ауыр деп бағаланып отыр. 12 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.