Коронавирус пен пневмония: өткен тәулікте 9 адам қайтыс болды

0
463

1 тамыздан бері коронавирус пневмониясынан 432 адам көз жұмды.


Коронавирус пен пневмония: өткен тәулікте 9 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясынан бес адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан төрт адам қайтыс болды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 11 232 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 672 бала бар.

Стационарларда 3 200 науқас жатыр. 8 032 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 203 адамның жағдайы ауыр, ішінде 28 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 30 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 720 адам инфекция жұқтырды, 204 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 127 580 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 001 адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бастап 41 427 адам пневмонияға шалдықты, 432 адам қайтыс болды.