Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

0
585

1 тамыздан бері пневмонияға шалдыққан пациенттер саны 30 579 адамға жетті, 337 науқас қайтыс болды.


Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Төрт науқас коронавирус инфекциясынан, екеуі ковидтік пневмониядан көз жұмды.

Өткен тәулікте 242 адамда пневмония диагнозы расталды. 1 тамыздан бері пневмонияға шалдыққан пациенттер саны 30 579 адамға жетті, 337 науқас қайтыс болды.

Қазіргі уақытта 3 835 адам коронавирустан ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 бала бар. Стационарларда 1 967 науқас жатыр, 1 868 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 100 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 13 науқастың хәлі мүшкіл деп бағалануда. 15 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.