Коронавирус пен пневмониядан тағы 37 адам қайтыс болды

0
285

Індет жұқтырған 735 науқастың жағдайы ауыр.


Коронавирус пен пневмониядан тағы 37 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар мен инфекциядан қайтыс болғандар туралы 9 шілде бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

9 шілдедегі мәлімет бойынша, 36 723 адам коронавирус инфекциясынан (–35 361 + және 1362 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде 11 534 пациент стационарда, 25 189 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 735 адамның жағдайы ауыр,
• 169 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 93 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.