Коронавирус пен пневмониядан тағы 74 науқас қайтыс болды

0
301

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі кезде 71 221 адам коронавирустан емделіп жатыр.


Коронавирус пен пневмониядан тағы 74 науқас қайтыс болды

Қазақстанда бір тәуліктің ішінде 64 адам коронавирустан және 10 науқас ковидтік пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны бойынша тағы да рекорд жаңарды. Өткен тәулікте барлығы 6119 науқас тіркелді. Ал 233 науқастан вирустық пневмония анықталды.

Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі кезде 71 221 адам коронавирус инфекциясынан (– 69 436 + және 1785 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 21 096 пациент стационарда, ал 50 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1258 адамның жағдайы ауыр;
  • 274 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 166 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.