Коронавирус пен пневмониядан тағы 8 адам қайтыс болды

0
2 260

ДСМ індет жұқтырған 291 науқастың жағдайы ауыр екенін хабарлады.


Коронавирус пен пневмониядан тағы 8 адам қайтыс болды

Елімізде соңғы тәулігіне тағы 8 адам коронавирус пен пнемпониядан қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

24 қаңтардағы мәлімет бойынша, короновирус инфекциясын жұқтырған 26 736 адам (15 016 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 6 753 пациент стационарда, 19 983 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 291 адамның жағдайы ауыр;
• 50 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.