"Коронавирус жолда қалады": Дәрігер елімізде қызылша індетінің өршіп тұрғанын айтты

0
654

Қызылшаны емдеудің арнайы әдісі жоқ. Тек індет белгілерін жеңілдетуге болады.


ERNUR.KZ. Белгілі психотерапевт Жібек Жолдасова елімізде жаппай қызылша індетінің тарала бастағанын айтты. Дәрігер қызылша індеті коронавирусты жолда қалдырады деп сендірді, деп жазады stan.kz.

Дәрігер өзінің Facebook-тегі парақшасында Қазақстанда қызылша індетін жұқтырғандардың көп екенін, сондай-ақ аурудың кеңінен етек жайып жатқанын жазды.

“Жазда ай сайын мыңға жуық жағдай анықталды. Қыркүйек айынан бастап 3 мыңнан астам жағдай тіркелді. Бұл күніне жүзден астам адам қызылшамен ауырады деген сөз. Жыл басынан бері 13 мыңға жуық адам қызылшамен ауырған. Індет жұқтырған науқастардың 99%-ы қызылшаға қарсы екпе алмаған. Олардың 60%-ы вакцинадан саналы түрде бас тартқан. Ауырғандардың 21%-ы әлі қызылшаға қарсы екпе алатын жасқа жетпегені қапаландырады. Қызылша індетінен балалар өледі. Оның жанында короновирус жолда қалады. Аурудан аман қалған жағдайда, баланың өмір бойы мүгедек болып қалуы ғажап емес. Бұл антиваксерлер мен індеттің салдары”, – делінген жазбада.

Жібек Жолдасованың айтуынша, қызылшаны емдеудің арнайы әдісі жоқ. Тек індет белгілерін жеңілдетуге болады. Сол себепті дәрігер қазақстандықтарды дереу екпе алуға шақырды.

“Салыстырмалы түрде екпе бір жарым айдан кейін әсер етуі мүмкін. Осы уақыт аралығында адам көп жиналатын жерлерге бармауға тырысыңыз. Егер сәбиіңіз болса екпенің бірінші және екінші дозасын да алғаныңыз дұрыс. Көптеген ауруханаларда карантин жарияланды. Қызылшамен ауырған мектептегі оқушылар мен жоғары оқу орындарындағы суденттерді таратып жатыр. Қызылша – өте тез жұғатын ауру.

Мысалы екі пәтердің есігі ашық тұр делік. Оның бірінді қызылшамен ауыратын адам тұрса, ауа арқылы екі пәтердің тұрғындарына жұғады. Науқаспен байланыста болғаннан кейін 10 адамның 9-ы ауру жұқтырады деген болжам бар. Мұнда екпе алған адамның иммунитеті ғана індетке қарсы тұра алады”, – дейді Жібек Жолдасбекова.