Коронавирус жұқтырған науқастар «жасарып» келеді – Сәуле Атығаева

0
424

​​​Соңғы 25 күннің ішінде елордада коронавирустан көз жұмағандардың жасы 5 жылға «жасарған».


Коронавирус жұқтырған науқастар «жасарып» келеді – Сәуле Атығаева

ERNUR.KZ. Бұл туралы Көпбейінді медициналық орталық директорының орынбасары Сәуле Атығаева орталық коммуникацляар қызметінде айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«30 маусымдағы жағдай бойынша пандемия басталғаннан бері Нұр-Сұлтан қаласында 64 723 коронавирус инфекциясының жағдайы тіркелді. 678 жаңа жағдай тіркеліп отыр. Стационарлардың дайындығына келсек, 2001 төсегі бар 14 стационар жұмылдырылып отыр. Инфекциялық стационарлардың жүктелімі соңғы бір айда айтарлықтай өсіп, 75 пайызға жетті. Коронавирус инфекциясы расталған диагнозбен 1340 пациент жатыр. Реанимация бөлімшелерінде 119 емделуші ем алуда. Оның ішінде 23 емделуші аса ауыр жағдайда болғандықтан, жасанды өкпе желдеткішіне жалғанды. 3750 науқас амбулаториялық бақылауға алынды», - деді оратлық директорының орынбасары.

Көпбейінді медициналық орталық өкілі соңғы 5 айдағы эпидемиологиялық статистикаға талдау жасағандарын айтады.

«5 ай ішінде амбулаториялық режимде 30 мыңнан астам адам емделді. Осының арқасында инфекциялық стационарлардың жүктелімін бірқалыпты ұстап тұра алдық. Бүгінге дейін солай болып келді. Вирус инфекциясының «жасарғанын» көріп отырмыз. Соңғы 5 ай мен маусымның 25 күніндегі сырқаттану деректерін талдай отырып, сәуір айымен салыстырғанда неғұрлым жас адамдардың ауруханаға түсіп жатқанын аңғардық. 30-40 жас аралығындағы адамдар стационарға жиі түсетін болды», - деді Сәуле Атығаева.

Оның айтуынша, сәуірмен салыстырғанның өзінде маусымда реанимацияға түскендердің жасы бір айғы көрсеткіштен 10 жасқа кіші болып шыққан. Осының әсерінен реанимациялық төсектердің жүктелімі 65 пайызға дейін артқан.

«Бүгінде қайғылы жағдайлардың сәуір айына қарағанда 5 жылға «жасарғанын» көріп отырмыз. Яғни қорытындыласақ, қазір коронавиурс инфекциясының клиникалық ағысы өзгеріске ұшырап жатыр деуге болады. Өкпенің зақымдалуы да бұрынғыдан жылдам қарқынмен жүретінін байқап отырмыз. Копьютерлік томаграфияға түскен кезде 5-10 пайыз зақыммен түскен пациенттерде 3-4 күннің ішінде емдік шараларға қарамастан 60-70 пайыз зақымдалу кездесіп жатыр», - деді маман.

Сондай-ақ, ол өкпенің зақымдалуынан бөлек, ми мен жүректің, бүйрек пен асқазан-ішек жүйесінің, буындар мен жүйке жүйесінің зақымдалуы сияқты синдромдар да жиілегенін атады.

«Естуден қалу синдромдары кездесіп жатыр. Осының бәрінен қорғанудың ең тиімді әрі жалғыз жолы вакцинация деген қорытындыға келуге болады», - деді сарапшы.