Коронавирус жұқтырғандармен тығыз байланыста болғандар қашықтан жұмыс істеуі керек

0
557

Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық ахуал «сары» аймаққа жақындап келеді.


Коронавирус жұқтырғандармен тығыз байланыста болғандар қашықтан жұмыс істеуі керек

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова қала әкімдігі өткізген онлайн брифингіде қала аумағында осындай тәртіп бар екенін еске салды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Маусым айында КВИ-мен ауырған науқастардан алынған 30 оң сынамаға молекулярлық-генетикалық зерттеу жүргізілді. Біздің білуімізше, кішігірім түрлері бар «омикрон» штамы өте жұқпалы және барлық жастағы адамдар инфекцияға бейім екенін көріп отырмыз. Алайда, 20-дан 30 жасқа дейінгі адамдар көбірек бейім. Ол сондай-ақ «дельта» штамына қарағанда жұқпалы. Клиникалық белгілері – шаршау, бас ауруы және дене қызуының артуы», - деді Сархат Бейсенова.

Оның айтуына қарағанда, вакцина алған адамдарда, сондай-ақ КВИ-мен ауырып жазылған адамдарда уақыт өте дененің инфекциядан қорғану деңгейі төмендейді.

«Мұның салдарынан адам қайтадан инфекцияға сезімтал болады. Осыған байланысты, вакцинаның бастапқы курсын алғаннан кейін, яғни 6 айдан соң КВИ-ға қарсы ревакцинация алу ұсынылады.

Егер ПТР-тесттің қорытындысы вирус жұқтырғаныңызды растаса немесе науқастармен тығыз байланыста болсаңыз, онда ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес қашықтан жұмыс түріне ауысу керек. Сол себепті тұрғындардан осы ережеге барынша жауапкершілікпен қарауға және өзін-өзі соған тәрбиелеуге шақырамын», - дедідепартамент басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық ахуал «сары» аймаққа жақындап келеді.