Коронавирусқа байланысты Абайды ұлықтау шаралары басқа форматта өтеді - министр

0
635

Коронавирус таралу қаупі төніп тұрғандықтан Қазақстанда көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.


Коронавирусқа байланысты Абайды ұлықтау шаралары басқа форматта өтеді - министр

ERNUR.KZ. Абайды ұлықтау шаралары жаңа форматта өткізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясында айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Коронавирус қаупіне байланысты мәдени-бұқаралық іс-шарараларды шектедік. Мұндай шараларды жаңа форматты өткізу жағын қарастырып жатырмыз. Мысалы, шараларды үлкен стадиондарда емес, теледидар, әлеуметтік желі арқылы өткізу жағын қарастырудамыз. Хакім Абайдың тұлғасын түсініп, ұлықтау шаралары да жаңа форматта өткізіледі», - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Еске сала кетсек, коронавирус таралу қаупі төніп тұрғандықтан Қазақстанда көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.