Коронавирусқа қарсы екпе дәрігерлер мен мұғалімдерге салынады

0
1 997

Бірінші кезеңде 100 мыңға тарта азаматқа вакцина салынады.


Коронавирусқа қарсы екпе дәрігерлер мен мұғалімдерге салынады

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусқа қарсы вакцина ең алдымен кімдерге егілетінін және қанша адам вакцинациялануы мүмкін екенін жариялады, деп жазады inbusiness.kz.


«Бірінші кезеңде инфекциялық ауруханалардың медицина қызметкерлеріне, жедел жәрдем қызметінің мамандарына, жан сақтау бөлімінің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің, ауруханалардың қабылдау бөлімінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандарына, нақтырақ айтқанда 100 мыңға тарта азаматқа вакцина салынады», – деді Алексей Цой.


Министрдің мәлімдеуінше, екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне, ЖОО оқытушыларына, ведомстволық медицина қызметінің мамандарына, нақтырақ айтқанда наурыз айынан бастап шамамен 150 мың адамға екпе егіледі.


«Үшінші кезеңде мектеп-интернаттарының педагогтеріне, балалар мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлеріне, студенттерге, созылмалы аурулары бар азаматтарға (сәуірден бастап шамамен 600 мың адам) вакцинация жүргізіледі», – деді Алексей Цой.


Оның сөзінше, жыл соңына дейін 6 млн-ға жуық Қазақстан азаматына вакцина салу жоспарланған.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет