Коронавирусқа қарсы импорт препараттар арзандауы мүмкін

0
575

Бұл жеңілдік 1-қазаннан басталады.


Коронавирусқа қарсы импорт препараттар арзандауы мүмкін

ERNUR.KZ. Covid-ке қарсы импорттық препараттар арзандауы мүмкін. Еуразиялық экономикалық кеңес дәрі-дәрмектер үшін кедендік баж салығын алып тастады. Бұл жеңілдік 1-қазаннан басталады, деп жазады ktk.kz.

Шекара асып келетін медициналық бетперде, қолғап, залалсыздандырғыш заттарға да салық уақытша тоқтатылды. Бұл жеңілдікті дәрі дайындауға арналған шикізат таситын компаниялар да қолдана алады.

Еуразиялық экономикалық кеңестің бұл жеңілдігі қазанның 1-нен 2021 жылдың 31-наурызына дейін жалғасады. Ал пандемияға дейін дәрі тасымалдаушы компаниялар препарат құнының 3 пайыздан 15 пайызға дейінгі көлемде кеден салығын төлейтін.

Қазақстандықтар тұтынатын барлық дәрілік заттардың 80 пайыздан астамы шекара асып келеді.

"Кеден салығы болмайтындықтан, сырттан келетін дәрілік заттардың бағасы да арзан болады. Себебі, препараттарды таситын компаниялардың шығыны азаяды. Пандемия уақытында Еуразия экономикалық кеңесінен импорттық дәрі-дәрмекке салынатын салықтың уақытша тоқтатылуын Қазақстан талап еткенін атап өткен жөн" - Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Нұрлыбек Асылбеков.