Коронавирустан қайтыс болған адам донор бола ала ма

0
696

КВИ панедмиясынан бүкіл әлемде орган трансплантациясы мәселесі қиындай түскен.


Коронавирустан қайтыс болған адам донор бола ала ма

ERNUR.KZ. ҚР Ұлттық кардиохирургиялық орталығының басқарма төрағасы Юрий Пя коронавирустан қайтыс болғандардың донорлығы туралы айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мен панедмия кезіндегі жүрек пен өкпе трансплантациясы мәселелерін талқылайтын халықаралық топтың мүшесімін және біз коронавирустан қайтыс болғандардың ағза мүшелерін алу мәселесін жиі талқылаймыз. Менің жеке пікірім - әр науқасты дербес қарастыру. Органға мұқтаж адамның санаулы күні қалса, бұл ота оның ұзағырақ өмір сүруіне мүмкіндік берсе, тәуекел ету керек. Бұл - менің жеке пікірім. Адам өмірін тіпті 1 күнге ұзартуға мүмкіндік берсе, бұл мүмкіндікті пайдалану керек», - деді Юрий Пя кардиохирургиялық орталықта өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, КВИ панедмиясынан бүкіл әлемде орган трансплантациясы мәселесі қиындай түскен.

«Халықаралық топ мүшесі болғандықтан, өзге елдермен ақпарат алмасып отырамыз. Көптеген елдер донорлық органдарды жеткізу шектелгендіктен, тұтас бағдарламаны уақытша тоқтатты. Ал донорға мұқтаж аса ауыр жағдайдағы науқастар әлі де бар», - деді Ю. Пя.