Коронавирустан қайтыс болғандар саны қайта арта бастады

0
505

Өткен тәулікте коронавирустың салдарынан 6 адам қайтыс болды.


Коронавирустан қайтыс болғандар саны қайта арта бастады

ERNUR.KZ. 3 қарашада бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған науқастар туралы мәліметтер жарияланды, деп жазады zakon.kz.

Коронавирустың салдарынан 6 адам қайтыс болды (2 қарашада 4 адам көз жұмған). Ал КВИ белгілері бар өкпе қабынуынан бір адам қайтыс болды.

Жалпы, пандемия басталғалы бері коронавирус инфекциясы салдарынан 1 867, ал коронавирус белгілері бар пневмониядан 405 адам қайтыс болды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 4 981 адам ем-дом алып жатыр, оның ішінде 340-ы - бала. Ауруханаларда 2 510, амбулаториялық деңгейде 2 471 науқас ем алуда.

148 адамның жағдайы ауыр, 18-інің денсаулығының жағдайы өте ауыр деп бағаланады, 20-ы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.