​Коронавирустан көз жұмғандарға эксгумация жасалмайды – дәрігер

0
818

"Өлген адамдарға қатысты қазір олармен байланыста болған адамдар арасында тексеру басталды"


​Коронавирустан көз жұмғандарға эксгумация жасалмайды – дәрігер

ERNUR.KZ. Коронавирустан көз жұмғандарға эксгумация жасалмайды. Бұл туралы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өлген адамдарға қатысты қазір олармен байланыста болған адамдар арасында тексеру басталды. Қазір емхана қызметі ауру ошақтары бойынша адамдарды тексеріп жатыр. Алдағы уақытта қайтыс болған адамдармен бұрын бірге тұрғандар да тексеріледі», - деді Айзат Молдақасымова онлайн-брифинг барысында.

Оның айтуынша, коронавирустан көз жұмып, жерленген адамдардың денесі қазылып алынбайды.

«Вирустан көз жұмғандарға эксгумация жасалмайды. Біз пневмониямен ауырған адамдар арасында эпидемиологиялық талдау жүргіземіз. 25 сәуірден бастап өкпе пневмониясымен ауырған адамдардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеру басталады. Бұл жағдай бойынша қалада 277 адам тіркелген. 248 адам талдаудан өтті. Олардың ішінде 25 адамда талдау оң нәтиже көрсетті. Ал пневмониядан көз жұмған адамдардың айналасындағы адамдарды вирусқа тексеріп, статистикалық мәлімет жинайтын боламыз. Бүгінде поликлиникалық қызмет талдауды бастап кетті. Соның нәтижесінде ауырғандармен байланыста болған тұлғалар анықталады», - деді А.Молдақасымова.