Коронавирустың ауыр немесе жеңіл түрін қалай ажыратуға болады

0
719

Білікті маман көптің көкейіндегі сауалға жауап берді.


Коронавирустың ауыр немесе жеңіл түрін қалай ажыратуға болады

ERNUR.KZ. Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры Раушан Тьесова-Бердалина бүгінгі тікелей эфир барысында коронавирустың ауыр түрін қалай анықтауға болатынын айтып берді, деп жазады kaz.nur.kz.

"Коронавирустың ауыр түрін анықтау соншалықты қиын емес. Егер дене температурасы 38 градустан түспей қойса және ЖРВИ белгілері білінсе, ол сырқаттың ауыр түрі. Сондай-ақ, жөтел, ентігу пайда болып, тәбет жоғалса, бірден дәрігерге қаралу керек. Одан бөлек, созылмалы ауруы бар адамдарда сырқат ауыр жүреді. Қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек ауруы бар адамдардың жағдайы КВИ кезінде қиындай түседі, - деп түсіндірді профессор.


Раушан Тьесова-Бердалина денсаулықты нығайту үшін көбірек қозғалып, таза ауада жүру керек деп отыр.


"Қазір карантин болғаннан кейін адамдардың көпшілігі үйінен шықпай отыр. Кейбірі офисте жұмыс істейді, яғни қозғалыс аз. Бұл денсаулыққа кері әсер етеді. Адамдарға таза ауада серуендеп, көбірек қозғалу туралы кеңес беремін. Одан бөлек, ұйқыны дұрыстап, құнарлы тағамдарды тұтыну керек", - деді дәрігер.