Коронавирустың омикрон штамы тарап жатыр

0
1 992

Бұл тұмау ауруының асқынуымен тікелей байланысты.


Коронавирустың омикрон штамы тарап жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавирустың омикрон штамы тарап жатыр. Бұл тұмау ауруының асқынуымен тікелей байланысты, деп жазады sputnik.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің мәліметінше, қазір республикадағы жағдай тұрақты. Мәселен, былтыр осы кезеңде күніне бір жарым мың науқас тіркелсе, қазір бұл көрсеткіш 10 есе төмен. Қазақстанның барлық өңірі жасыл аймақта орналасқан.
Отандық денсаулық сақтау жүйесі кез келген эпидемияға дайын. Ауруханалардағы инфекциялық бөлімшелерде орын жеткілікті. Бұл індетке шалдықпау үшін мамандар дер кезінде вакцина салдыртуды ескертеді.

"Қазір бүкіл әлемде коронавирус инфекциясының омикрон штамы таралып жатыр. Бұл штамм басқаларына қарағанда тез тарайды, бірақ жеңіл түрде өтеді. Сондықтан елімізде омикрон штамының варианттары тіркеліп жатыр", - дейді ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Мейірім Сұлтанова.

Оның айтуынша, казан айынан бастап жедел респираторлық вирусты инфеккциялардың, тұмау ауруының эпидемиологиялық маусымы басталды. Коронавирус жұқтырғандар санының өсуі де сол маусымға байланысты болып отыр.