Коронавирустың өршуіне қарапайым халықты кінәлаған «дәрігер» актриса болып шықты

0
791

Роликте балағат сөздер де кездеседі.


Коронавирустың өршуіне қарапайым халықты кінәлаған «дәрігер» актриса болып шықты

ERNUR.KZ. Жуырда әлеуметтік желілерде қоғамның назарын аударған видео тарады. Алайда, дәрігер кейпіндегі сұхбат берушінің сөзі қысқаметражды әлеуметтік роликтен алынған үзінді болып шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Видеода дәрігер коронавирустың қайта өршуіне қарапайым халықтың өзін кінәлап, санитарлық талаптардың дұрыс сақталмағанын айтады. Сондай-ақ, роликте балағат сөздер де кездеседі. Әлдеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі «видео тапсырыспен түсірілген» деген пікірде болды. Ақ халаттының атынан сөйлеген «дәрігердің» шын мәнісінде актриса екені расталды. Мәселенің мән-жайын «дәрігер» кейпіне енген актриса Таңшолпан Байлы өзі түсіндірді.

«Бұл ролик біз әлі күнге дейін түсіріп жатқан қысқаметражды әлеуметтік видеоның үзіндісі. Өз қаражатымызбен түсіріліп жатқан дүние. Бізді ешкім қаржыландырып жатқан жоқ. Бұл сұхбат шынайы оқиғаға негізделген. Ешбір дәрігер мұндай сұхбат бермейтіні анық. Өйткені, ол жұмысынан айырылып қалуы мүмкін. Бұл видеоның үзінідісін командадағылардың бірі WhatsApp мессенджері арқылы таратып жіберген» - деп айтты актриса Таңшолпан Байлы.