Қос азаматтығы бар шенеунікке қатысты іс: сот шешімі шықты

0
2 641

Шенеунік Қазақстан азаматтығынан айыру туралы шешімнің күшін жоюды сұраған болатын.


Қос азаматтығы бар шенеунікке қатысты іс: сот шешімі шықты

ERNUR.KZ. Сот Шымкент қалалық спорт басқармасының қос азаматтығы бар басшысының ісі бойынша шешімін жариялады. Шенеунік Шымкент полиция департаментіне арыз жағанымен, сот оны қанағаттандырудан бас тартты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Шенеунік Қазақстан азаматтығынан айыру туралы шешімнің күшін жоюды сұраған болатын.

"Сот Олег Владимирович Почиваловтың Ресей Федерациясы азаматтығын алғанын және төлқұжаты барын анықтады, мұны №1 көшірме растайды. Бұл деректі Шымкент бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хаты мен РФ ІІМ жауабы растады.
Почивалов және оның өкілі сотқа теріс дәлел келтірмеді. Осылайша, полиция департаментінің іс-әрекетінде заңсыздық анықтаған жоқ", - деді судья Нұрғали Исмаилов.

Еске салайық, бұған дейін шымкенттік шенеунік қос азаматтығы бар деп айыпталған болатын. Бұл деректі Шымкент полициясы растады, алайда бұған дейін қала әкімдігі ақпаратты жоққа шығарған еді. Сол үшін шенеунік азаматтығынан айырылды.