Қос азаматтық үшін жазаны қатаңдату ұсынылды

0
2 621

Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған елдердің қатарына жатады.


Қос азаматтық үшін жазаны қатаңдату ұсынылды

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлер арасында қос азаматтық алу фактілері жиілеп кеткенін айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтық үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған елдердің қатарына жатады.

«Тиісті норма Конституциямызда бар. Алайда соңғы уақытта мемлекеттік қызметкерлер арасында қос азаматтық алу фактілері жиі анықталатын болды. Белгілі себептерге байланысты бұған жол беруге болмайды. Бұл проблема – өте маңызды. Себебі ол ұлттық қауіпсіздікке қатысты болып отыр. Мұндай фактілерді тоқтату керек», – деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор басшылары қос елдің азаматы болса, оларды жұмыстан босату туралы тапсырма бергенін еске салды.

«Үкімет пен мемлекеттік қызмет істері агенттігінен атқарылған жұмыстың нәтижесі туралы баяндауды сұраймын. Мұндай бұзушылықтар үшін жауапкершілікті одан әрі қатаңдату керек», – деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.