Қошанов Парламентті таратуға қатысты пікір білдірді

0
568

26 сәуірде Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланған.


Қошанов Парламентті таратуға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Парламентін тарату мәселесі әлі талқыланбағанын мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Әзірге бұл мәселе талқыланған жоқ. Бірақ Президент саяси реформаларды жариялады деп айта аламын. Ал біз жыл аяғына дейін тиісті конституциялық және басқа да заңдарды қабылдауымыз керек", - деді Мәжіліс спикері.

Спикер егер Мемлекет басшысы тағайындаса, партия кезектен тыс сайлауға дайын ба деген сауалға да жауап берді.

"Кез келген партия саяси күреске дайын болуы керек. Ертең сайлау жарияланса, әрине, біздің партия дайын", - деді ол.
Айта кетейік, 26 сәуірде Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланған еді.