"Қоштасуға 30 минут": Covid-19-дан қайтыс болғандар қалай жерленеді

0
780

Жерлеу рәсіміне жақын туыстары мен имам қатыса алады.


ERNUR.KZ. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирустан қайтыс болғандар қалай жерленетінін айтты, деп жазады zakon.kz.

"Мен арнайы қаулымен коронавирус жұқтырғандарды жерлеу рәсімінің алгоритмін бекіттім. Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың денесі туысқандарына берілмейді. Қоштасуға тек 30 минут беріледі. Ара қашықтық 3 метрден кем болмауы керек. Жерлеу рәсіміне жақын туыстары мен имам қатыса алады", - деді Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.