Қосшыда мас ер адам саунада 31 жастағы әйелді соққыға жықты

0
1 002

Саунадағы әйелді жаралаған күдікті қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталды.


Қосшыда мас ер адам саунада 31 жастағы әйелді соққыға жықты

ERNUR.KZ. Қосшыда саунаға демалуға барған ер адам мекеме директорын соққыға жықты, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы Ақмола облысы Полиция Департаменті мәлімдеді және әлеуметтік желілерде тараған кадрларға түсінік берді.

Ақпарат бойынша, 2 сәуірде шамамен сағат 07.30-да мекеменің басқарушы директоры, Косшының 31 жастағы тұрғыны, клиенттер шотты неге төлемегенін анықтау үшін екі ер адамға барады, содан олардың біреуі әйелді ұрып жібереді, ол құлайды. Кейін төбелесе кетеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Қосшының 44 жастағы тұрғыны мен 36 және 37 жастағы елордалықты анықтады.

"Қанында алкоголь бар-жоғын куәландыру кезінде 44 жастағы және 36 жастағы ер адам жеңіл және орташа дәрежеде мас екені анықталды. Олар Нұр-Сұлтан қаласының медициналық айықтырғышына қамалды. Саунадағы әйелді жаралаған күдікті 37 жастағы ер адам Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Целиноград аудандық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады полиция өкілдері.
ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.