Қостанай мектептерінде сабақ тоқтатылды

0
647

Қостанай қаласында ауа температурасы 25 градус аязды көрсетіп тұр.


Қостанай мектептерінде сабақ тоқтатылды

ERNUR.KZ. Қостанайда 2 желтоқсанда мектептердегі бірінші ауысымда оқитын сыныптар үшін сабақ тоқтатылды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінен хабарлады, деп жазды "Наша газета" басылымы.

Қостанай облысындағы гидрометеорология орталығының мәліметінше, сағат 6: 00-де Қостанай қаласында ауа температурасы 25 градус аязды, ауа ылғалдылығы 74 пайызды құрайды. Солтүстіктен жел екпіні секундына 1-3 метр қарқынмен соғып тұр

"Бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптардың кезекші топтарына сабақ уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.