Қостанай облысында 12 жастағы баланы қасқырға ұқсайтын ит талап тастаған

0
2 115

Жануар жергілікті тұрғынға шабуылдаған кезде ол оны өлтіріп, баламен бірге қалалық ауруханаға қажетті талдамалар үшін жеткізді.


Қостанай облысында 12 жастағы баланы қасқырға ұқсайтын ит талап тастаған

ERNUR.KZ Қостанай облысының Ашутасты ауылында 12 жастағы баланы қасқырға ұқсайтын қаңғыбас ит талап тастады, деп жазады Аlau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Оқиға бесінші наурыз күні болған. 112 нөміріне Ашутасты ауылының тұрғыны хабарласқан.

Оның сөзінше, оның 12 жастағы баласын қасқырға ұқсайтын қаңғыбас ит талап тастаған.

"Куәгерлер мен жәбірленушінің сөзінше, жануар қасқырға қатты ұқсаған. Баланы шұғыл ауруханаға жеткізу керек болды. Жануар жергілікті тұрғынға шабуылдаған кезде ол оны өлтіріп, баламен бірге қалалық ауруханаға қажетті талдамалар үшін жеткізді", - деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстанның жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары Сергей Шмидт.

Арнайы техниканың көмегімен қар құрсауында қалған ауылдағы жәбірленгендер ауруханаға жеткізілді.